Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлібек Жақанбаев Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне келді

Опубликовано:

Әлібек Жақанбаев
Әлібек Жақанбаев. Фото: maslikhat.alakol.zhetisu.gov.kz

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жақанбаев Әлібек Әскербекұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің Facebook парақшасы.

Әлібек Әскербекұлы Жақанбаев 1964 жылы туған.

Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын орман шаруашылығының инженері мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алакөл ауданы "Левобережный" кеңшарының жұмысшысы болып бастады. Әр жылдарда Семей қаласында "Зеленстрой" шаруашылық есептегі учаскесі көгалдандыру бөлімінің агрономы, Алакөл ауданында Алакөл механикаландырылған орман шаруашылығының жұмысшысы, цех шебері, инженері, Үшарал орман шаруашылығында орманшы, бас орманшы, "Қаратал орманы" ММК Алакөл филиалының директоры, "Талдықорған ағаштары" ММК Алакөл филиалының директоры, "Алакөл орман шаруашылығы" ММ директорының орынбасары, директоры, Сарқан, Алакөл, Еңбекшіқазақ аудандарының әкімі қызметтерін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957059-alibek-zaqanbaev-almaty-oblysy-akiminin-orynbasary-qyzmetine-keldi/

pixel