Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеудегі АҚШ елшілігі Ресейде террористік шабуыл болуы мүмкін екенін хабарлады

Опубликовано:

Ресейдегі АҚШ елшілігі
Илюстрациялық сурет: https://pixabay.com

Ресейдегі АҚШ Елшілігі мен консулдығының сайтында Ресей территориясында болуы мүмкін террористік шабуылдар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"БАҚ ақпараттарына сәйкес, сауда орталықтарына, теміржол мен метро стансаларына, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі адамдар көп жиналатын басқа жерлерге, сондай-ақ Ресей мен Украина шекарасы бойындағы шиеленіскен аудандарға шабуыл жасау қаупі бар", - делінген американдық тараптың хабарламасында.

Басылымда Ресейдегі американдық азаматтарға жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрекеттері көрсетілген.

Мысалы, батыстың тұрғындары көп жиналатын жерлерде сақ болу ұсынылады. Одан бөлек, өзімен бірге Ресей визасы бар АҚШ паспорты және басқа да растайтын құжаттар болуы керек.

Хабарламаға Ресей СІМ өкілі Мария Захарова жауап берді.

"Мәскеудегі АҚШ елшілігіне сұрақ: сіз тиісті деректерді ресейлік әріптестеріңізге серіктестік арналар арқылы жібердіңіз бе? Егер жібермеген болсаңыздар. мұның бәрін қалай түсінуге болады?"- деп жазды ол.

АҚШ елшілігінің жарияланымына қатысты АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфол түсініктеме берді.

"Бұл өте өзгеше. Мен мұндай хабарламаны еске түсіре алмаймын", - деп жазды ол Twitter-де.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957062-maskeudegi-aqs-elsiligi-reseide-terroristik-sabuyl-boluy-mumkin-ekenin-xabarlady/

pixel