Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев "Самұрық-Қазына" төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алмасадам Сәтқалиев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алмасадам Сәтқалиев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Самұрық-Қазына" қорын реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет берілді.

Алмасадам Сәтқалиев президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты.

Мемлекет басшысына қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957151-prezident-samuryq-qazyna-aq-basqarma-toragasy-almasadam-satqalievti-qabyldady/

pixel