Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министріне ескерту жасады

Опубликовано:

Ажар Ғиният
Ажар Ғиният. Фото: ОКҚ

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа орынбасарының қатысуымен өткен брифинг үшін ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ажар Ғиниятқызы, өткен аптада сіздің орынбасарыңыздың қатысуымен брифинг өткен еді. Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмағаны өкінішті. Осыған назар аударыңызды сұраймын. Мұндай жағдайлар, құрметті әріптестер, бүкіл үкіметтің жұмысына кері әсерін береді.

Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз қажет. Әрбір қабылданған шешімді дұрыс түсіндіру керек. Қоғаммен ақылдаса отырып, қабылдау керек. Бұл үкіметтің негізгі міндеті", - дейді Әлихан Смайылов.

Еске сала кетсек, 18 ақпанда Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев ОКҚ өткен брифингте журналистер сұрағына жауап берген еді.

Ол қазақстандықтардың Pfizer вакцинасымен ревакцинация жасау мүмкіндігі және неліктен оны ақылы түрде салдыруға болмайтыны туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957227-premer-ministr-densaulyq-saqtau-ministri-azar-giniyatqa-eskertu-zasady/

pixel