Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның ДХР мен ЛХР-ды мойындауға қатысты ұстанымын айтты

Опубликовано:

ҚР СІМ
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Еліміздің Сыртқы істер министрі үкімет отырысынан кейін Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындауға қатысты Қазақстанның ұстанымы қандай екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қазақстанның ресми ұстанымы әзірленіп жатыр. Жақын арада Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді, онда біз Қазақстанның ресми ұстанымын түпкілікті қабылдаймыз.

Бірақ Қазақстанның алдында ДХР мен ЛХР-ды мойындау мәселесі тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негіздеріне және БҰҰ жарғысының негізгі қағидаттарына сүйенеміз.

Қазір жағдай ушығып, шиеленіс күшейіп жатқаны анық, сондықтан Қазақстан барша халықаралық қауымдастықты жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге күш салуға шақырады", - дейді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бұл әрекетін "Украинаның аумақтық тұтастығын бұзу" деп атады.

Сонымен қатар, Владимир Зеленский, Украина халқына үндеу жасады.

Одан бөлек, Ресейдің бұл шешіміне қатысты әлем елдері қарсы шығып, өз пікірлерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957239-muxtar-tileuberdi-qazaqstannyn-dxr-men-lxr-dy-moiyndauga-qatysty-ustanymyn-aitty/