Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путин
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Украина мәселесіне қатысты Ресей басшылығының ұстанымы туралы айтқан.

Одан бөлек, Ресей президенті Қазақстанмен арадағы достық және одақтастық қатынастарды екі мемлекет халықтарының мүддесіне сай нығайта беруге бейілді екенін нақтылаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бұл әрекетін "Украинаның аумақтық тұтастығын бұзу" деп атады.

Одан бөлек, Ресейдің бұл шешіміне қатысты әлем елдері өз пікірін білдірді.

Мемлекет басшысы да Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізіп, Украинадағы жағдайларға байланысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957371-toqaev-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/

pixel