Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдік инвесторлар "Қазақстан халқына" қорына жарнаны ерікті түрде аудара алады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шетелдік инвесторлар "Қазақстан халқына" қорына жарнаны ерікті түрде аудара алады. Бұл туралы бейнебайланыс режимінде өткен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезектен тыс отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

Президент жиын барысында "Қазақстан халқына" қоғамдық-әлеуметтік қорының құрылғаны жөнінде сөз етті.

"Кейбір шетелдік инвесторлар арасында Қорға жарна аудару міндетті ме деген сұрақ туындайды. Жарна аудару ерікті түрде жүргізілетінін атап өткім келеді", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуді қорытындылай келе, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалармен қатар, кеңес те өз қызметіндегі тәсілдерді жаңартып отыруға тиіс екенін атап өтті.

"Мен белсенді түрде көмектесуге, негізделген шешімдер қабылдауға дайынмын. Жалпы, мен Қазақстанда қолайлы инвестициялық климат қалыптастыруға басымдық беремін. Сіздерден тың бастамалар мен ұсыныстар күтемін. Кеңес өзара ықпалдастықтың, экономиканы әртараптандырудың, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың шынайы әрі нақты тетігіне айналуы керек", – деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957380-seteldik-investorlar-qazaqstan-xalqyna-qoryna-zarnany-erikti-turde-audara-alady/

pixel