ІІМ Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды

Опубликовано:

Ерлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: Ішкі істер министрлігі

Әлеуметтік желіде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат пайда болды. Алайда ведомство бұл мәліметті теріске шығарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Ведомство басшысы сол қалыпты жұмыс істеп жатыр", – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Ерлан Тұрғымбаев еліміздің Ішкі істер министрі болып 2019 жылдың ақпан айында тағайындалды.

2021 жылғы 18 қаңтарда президент жарлығымен қайтадан Ішкі істер министрі болып тағайындалды.

Биыл елімізде қаңтарда болған тәртіпсіздіктерден кейін үкімет толық құрамда отставкаға кеткен еді.

11 қаңтар күні жаңа үкімет құрамы бекітіліп, Ерлан Тұрғымбаев өз қызметінде қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957498-iim-erlan-turgymbaevtyn-otstavkaga-ketkeni-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/