Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркебұлан Дауылбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Еркебұлан Дауылбаев
Еркебұлан Дауылбаев. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Еркебұлан Әбілханұлы Дауылбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Еркебұлан Дауылбаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Ресей кеден академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің инспекторы лауазымынан бастаған.

2010-2011 жылдары ОҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы, лицензиялау бөлімінің басшысы;

2011-2012 жылдары ОҚО Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары;

2012-2014 жылдары ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің Контрабандаға қарсы күрес басқармасының басшысы;

2013-2014 жылдары ОҚО Құрылыс басқармасының басшысы болған. Кейін жеке компанияларда жұмыс істеген.

2016-2017 жылдары "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары;

2017-2018 жылдары АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары;

2018 жылы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі;

2018-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;

2020-2021 жылдары ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары болған.

2021 жылғы тамыздан бастап жаңа қызметіне дейін Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957554-erkebulan-dauylbaev-industriya-zane-infraqurylymdyq-damu-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel