Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Nur Otan" партиясының 1 наурызға жоспарланған съезі онлайн форматта өтеді

Опубликовано:

Nur Otan
Фото: Nur Otan

"Nur Otan" партиясының 1 наурызға жоспарланған кезектен тыс съезі онлайн форматта өтеді. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Ораловтың сөзінше, бүгін еліміздің барлық өңірлерінде саяси кеңестердің отырыстары өтіп, оның қорытындысы бойынша партияның кезектен тыс XXII съезіне 399 делегат сайланған.

"Өздеріңіз білетіндей, мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен "Nur Otan-ның" съезі 1 наурызға жоспарланған. Іс-шара барысында партия жұмысын одан әрі жаңғырту бойынша басымдықтарды талқылау жоспарланып отыр. Съезд онлайн форматта өтеді", - дейді Асхат Оралов.

Еске сала кетсек, партияның бұған дейінгі съезі 28 қаңтарда өткен еді. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан партия төрағасы болып сайланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957555-nur-otan-partiyasynyn-1-nauryzga-zosparlangan-sezi-onlain-formatta-otedi/

pixel