Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Соғыс - бұл үлкен қасірет": Владимир Зеленский ресейліктерге үндеу жасады (видео)

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Sergii Kharchenko/NurPhoto via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Федерациясының азаматтарына орыс тілінде үндеу жасады. Украина басшысының үндеуі президенттің ресми сайтында жарияланды.

Алдымен Зеленский елде төтенше жағдай енгізілгенін хабарлап, енгізілген санкциялар туралы айтты. Содан кейін ол ресейліктерге орыс тілінде үндеу жасады.

"Бүгін мен Ресей Федерациясының президентімен телефон арқылы сөйлесуге ниет білдірдім. Бірақ әзірге тыныш. Алайда тыныштық Донбасста болуы керек еді", - дейді Зеленский.

Оның сөзінше, Украинаға ешқандай соғыс қажет емес.

Осы ретте Зеленский Украинадағы ұлтшылдық туралы барлық айыптауды жоққа шығарды. Айтуынша, ертеде нацизмді жеңу үшін Украина халқы сегіз миллионнан астам адамынан айырылған.

"Бізге, ешқандай соғыс - қырғи-қабақ соғыс та, гибридтік соғыс та, қажет емес, мұны анық білеміз. Бірақ бізге әскер кіретін болса, біздің мемлекетімізге, бостандығымызға, өмірімізге, біздің балаларымыздың өміріне қол сұғуға тырысса, біз қорғанамыз. (...) Соғыс - бұл үлкен қасірет, бұл қасіреттің бағасы ауыр", - дейді Украина президенті.

Зеленскийдің айтуынша, Украина билігі Ресей үшін ешқандай қауіп төндірмеген және болашақта да төндірмейді.

"Сіздерге Украина Ресейге қауіп төндіруі мүмкін деп айтуда. Алайда бұрын да бұлай болмаған, қазір де жоқ және болашақта да болмайды. Сіздер НАТО-дан қауіпсіздік кепілдігін талап етудесіздер. Бізде өз қауіпсіздігіміздің кепілдігін сіздерден, Ресейден және Будапешт меморандумы бойынша кепілдеме берген басқаларынан да талап етеміз", - дейді ол.

Сонымен қатар, Владимир Зеленский үндеуінде орыстар мен украиндар әртүрлі халық екенін, бірақ бұл жауласуға себеп емес екенін баса айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің бұл әрекетін "Украинаның аумақтық тұтастығын бұзу" деп атады.

Сонымен қатар, Владимир Зеленский, Украина халқына үндеу жасады.

Одан бөлек, Ресейдің бұл шешіміне қатысты әлем елдері қарсы шығып, өз пікірлерін білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957582-vladimir-zelenskii-reseilikterge-undeu-zasady-video/

pixel