Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуроодақ ресми түрде Ресейге қарсы санкциялар жариялады

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay.com

Еуроодақ 23 ақпанда Донецк және Луганск халық республикаларын мойындаған Ресейге қарсы санкциялар жариялды, деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның Еуроодақтың мәлімедемесіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей мемлекеттік думасының 351 депутатына санкция салынған.

Одан бөлек, тағы 27 жеке тұлға мен ұйымға санкция салынған. Олардың аты-жөні жақында жарияланбақ.

Сонымен қатар, Еуроодақ ДХР мен ЛХР-да ресейлік биліктің әрекетін қолдайтын немесе "жағдайды пайдаланып қалғысы келетін" банктерге қарсы санкция енгізуде.

Сондай-ақ, Еуроодақ Ресейге капитал нарығына және ЕО-ның қаржы нарығына кіруіне шектеу қойып, Ресей Федерациясын, оның үкіметі мен Орталық банкін қаржыландыруға тыйым салып отыр.

Одан өзге, мәлімдемеде егер қажеттілік туындаса, Еуроодақ Ресейге қарсы қосымша санкциялар салуға дайын екені де айтылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Ресейдің бұл шешіміне қатысты әлем елдері қарсы шығып, өз пікірлерін білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957586-euroodaq-resmi-turde-reseige-qarsy-sankciyalar-zariyaldy/

pixel