Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҰҰ Ресей мен Украинаны диалогқа шақырды

Опубликовано:

БҰҰ
Фото: pixabay.com

Украинаның бастамасымен шақырылған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында ұйым Ресей мен Украинаны қазіргі ахуалды реттеу үшін диалогқа шақырды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Президент Зеленский (Украина президенті - ред.) кеше кешке дипломатияны жалғастыруға шақырған еді. Президент Путин де (Ресей президенті - ред.) диалогқа қатысуға қашанда дайын екенін айтқан болатын. Біз мұндай талпыныстарды, тіпті осындай кешкі уақыт болса да қолдаймыз", - дейді сәрсенбі күні дүниежүзілік ұйымның бас хатшысының саяси мәселелер бойынша орынбасары Розмари ДиКарло.

Сондай-ақ, ол ұйым Украинада гуманитарлық миссияны қамтамасыз ету үшін қалатын БҰҰ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жасаған үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957616-buu-resei-men-ukrainany-dialogqa-saqyrdy/

pixel