Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Украина халқына үндеу жасап, Ресейдің әрекетін өзін-өзі қорғау деп атады

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: РИА Новости / Сергей Гунеев

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы жағдайға байланысты украиналықтарға үндеу жасады. Ол Ресейдің әрекеті өзін-өзі қорғау болып табылатынын, ал Қырым бір кездері өз таңдауын жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Украина азаматтарына да үндеу жасаймын. 2014 жылы Ресей Қырым мен Севастополь тұрғындарын өздерің "нацистер" деп атайтындардан қорғауға міндетті болды. Қырымдықтар, севастопольдықтар өз таңдауын жасады - өз тарихи Отаны Ресеймен бірге болу. Біз мұны қолдадық" , - дейді Путин.

Путин Ресейдің басқа амалы болмағанын, сондай-ақ өз әрекетімен Украина мен украин халқының мүдделеріне қол сұғуды көздемейтінін баса айтты.

"Бұл Украинаны тұтқынға алып, оны біздің елімізге және оның (Украинаның - ред. ескертпесі) халқына қарсы пайдалануға тырысқандардан Ресейді қорғаумен байланысты. Қайталап айтамын, біздің әрекеттеріміз бізге төнген қауіп-қатерден және қазір болып жатқан жайттармен салыстырғанда одан да үлкен қатерден өзін-өзі қорғау болып табылады", - дейді ол.

Путин украиналықтарды бұл кезеңде өзара ынтымақтасуға шақырды.

"Қаншалықты қиын болса да, осыны түсініп, өзара ынтымақтасуға шақырамын. Осы қайғылы бетті тезірек парақтап, бірге алға жылжу үшін. Біздің ісімізге, қарым-қатынасымызға ешкімнің араласуына жол бермей, қарым-қатынасты өз күшімізбен құруымыз керек", - дейді Ресей президенті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957639-putin-ukraina-xalqyna-undeu-zasap-reseidin-areketin-ozin-ozi-qorgau-dep-atady/

pixel