Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский әлемнің көшбасшы елдеріне үндеу жасап, Ресейге қарсы санкция салуға шақырды

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Aaron Chown - WPA Pool/Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский әлем көшбасшыларынан көмек сұрап, Ресейге қарсы санкция салуға шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мен Джо Байденмен, [Германия канцлері] Олаф Шольцпен, [Польша президенті] Анджей Дудамен, [Еуропалық кеңес төрағасы] Чарльз Мишельмен және [Ұлыбритания премьер-министрі] Борис Джонсонмен сөйлестім.

Мен Путинді, Украинаға және әлемге қарсы соғысты дереу тоқтатуға шақырамын. Біз Путинге қарсы коалиция құрып жатырмыз.

Шұғыл санкциялар салынып, Украинаға қорғаныс жағынан және қаржылай қолдау білдіруде! Әуе кеңістігі жабылды! Әлем Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлеуі керек", - деп жазды Зеленский.

Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен мен Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишель Еуроодақтың Ресейге қатысты жаңа шараларды талқылайтынын айтқан.

Еске сала кетсек, Владимир Путин арнайы үндеуінде Донбасста әскери операция басталғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957707-zelenskii-alemnin-kosbassy-elderine-undeu-zasap-reseige-qarsy-sankciya-saluga-saqyrdy/

pixel