Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зеленский: Украина Ресеймен барлық дипломатиялық байланысты үзді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: SERGEI SUPINSKY/AFP via Getty Images

Владимир Зеленский брифинг барысында Украина Ресеймен барлық байланысты үзгенін айтты, деп хабарлайды УНИАН Telegram парақшасы.

Украина президенті елдің қарулы күштері ауыр күрес жүргізіп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта ІІМ ардагерлеріне қару таратылып жатыр.

"Қарсыластар көп адамнан айырылды, олардың саны әлі көбейеді. Өйткені, олар біздің жерімізге баса-көктеп кірді", - деді Зеленский.

Айта кетейік, осыған дейін Украина мемшекара қызметі қайтыс болған және зардап шеккен шекарашылар жайлы ақпарат таратқан еді.

ІІМ бастығының кеңесшісі ел азаматтарының арасында құрбандар санын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазіргі таңда Украина аумағында қалып қойған қазақстандықтардың саны туралы ақпарат берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957740-zelenskii-ukraina-reseimen-barlyq-diplomatiyalyq-bailanysty-uzdi/

pixel