Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Берік Уәлидің Украинадағы жағдайға қатысты сұхбаты кейінге шегерілді

Опубликовано:

Берік Уәли
Берік Уәли. Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Мемлекет басшысының баспасөз хашысы Берік Уәлидің Украинадағы жағдай төңірегіндегі сұхбаты кейінге қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Qazaqstan ұлттық телеарнасы телеграмм арасында растап отыр.

"Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Qazaqstan ұлттық телеарнасында бүгінге жоспарланған арнайы сұхбаты кейінге шегерілгенін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Телеарна сұхбаттың не себепті кейінге қалдырылғанын хабарлаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты "Qazaqstan" ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат беретінін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957757-berik-ualidin-ukrainadagy-zagdaiga-qatysty-suxbaty-keiinge-segerildi/

pixel