Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстанға келген Түркияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен онлайн-кездесу өткізді деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады.

Қазақстан көшбасшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға жүрекжарды сәлемін жолдап, оны Қазақстанға сапармен осы жылы келуге шақырғанын тағы да нақтылады. Сапар мерзімі дипломатиялық каналдар арқылы пысықталады.

Мемлекет басшысы келесі аптада Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан мен Түркияның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының XII отырысы өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты.

Тоқаев Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлуды қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік компаниялары қатысатын бірлескен жобаларға Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетінін растады.

Мевлют Чавушоғлу кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ министр қаңтар оқиғасы кезінде болған қайғылы жағдайларға байланысты көңіл айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді.

Түрік дипломаты Қазақстан президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды Түркияның толық қолдайтыны жөнінде айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957793-toqaev-qazaqstanga-kelgen-turkiyanyn-syrtqy-ister-ministrin-qabyldady/

pixel