Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макрон Украинадағы әскери операцияға байланысты франциялықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Эммануэль Макрон
Эммануэль Макрон. Фото: Thierry Monasse/Getty Images

Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейдің Украинада әскери операция жүргізуіне байланысты франциялықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды ТАСС.

Басылымның жазуынша, Макрон Зеленскийдің "батылдығы мен жігерлігін" қолдайтынын мәлімдеген.

"Өз сөзі мен дипломатиялық жолдан бас тартып, президент Путин тек Украинаға шабуыл жасаған жоқ, оның егемендігін таптауға шешім қабылдады", - деді Франция президенті.

Макронның сөзінше, әскери операцияны бастау - Ресей тарапының саналы таңдауы, сондай-ақ БҰҰ жарғылары мен барлық халықаралық келісімдерді бұзу болып отыр.

Сонымен бірге, Франция басшысы Ресей Федерациясына қатысты санкциялар салынатынын да хабарлады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Украинадағы қазіргі жағдайға тоқталып, Ресейдің әскери операция жүргізуіне қатысты пікір білдірген болатын.

Түркия басшысы өз сөзінде Ресейдің Украинадағы әрекетін қабылдауға болмайды деп атады. Сонымен бірге Ердоған Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы жағдайды Минск келісімдері негізінде реттеуге шақырды.

Бұған қоса, ол Түркия Украинаның "аумақтық тұтастығын қорғау" әрекетін қолдайтынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957801-makron-ukrainadagy-askeri-operaciyaga-bailanysty-franciyalyqtarga-undeu-zasady/

pixel