Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан елшілігі Украинада қалған қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Киев
Киев. Фото: pixabay.com

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Telegram каналында қазіргі уақытта Украина аумағында жүрген отандастарымызға үндеу жасады.

"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Әскери қауіпке байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына жергілікті атқарушы органдардың нұсқауларын қатаң түрде орындауды, оның ішінде жақын маңдағы паналау орнына (бомба баспанасы, жерасты өткелі, жертөле, жерасты тұрағы, жерасты тоннель және т.б.) дереу жетуді ұсынамыз.

Қауіпті сәтте сіз тұрғын үй-жайда қалсаңыз, жарықтандыруды толығымен өшіріп, терезелерге жақындамаңыз және ең қауіпсіз орында болыңыз. Ауыз су мен азық-түлікті алдын ала жинақтауға тырысыңыз", - деп хабарлады Қазақстанның Украинадағы елшілігінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан елшілігі Украинадағы азаматтарды эвакуациялауды қамтамасыз етіп жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957808-qazaqstan-elsiligi-ukrainada-qalgan-qazaqstandyqtarga-undeu-zasady/

pixel