Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Владимир Зеленский жаппай мобилизация туралы қаулы қабылдады

Опубликовано:

Украина президенті Зеленский
Фото: www.instagram.com/zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский 90 күн ішінде Украинада жаппай мобилизация өткізу туралы қаулы қабылдады, деп жазды РИА Новости.

Қаулыға сәйкес, 90 күн ішінде мобилизация Винницк, Волынск, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпат, Запорожье, Ивано-Франков, Киев, Кировоград, Луганск, Львовск, Николаевск, Одесса, Полтава, Ровенск, Сумск, Тернополь, Харьков, Херсонск, Хмельницк, Черкасск, Черновицк, Черниговск облыстары мен Киев қаласында жүргізіледі.

Сонымен қатар Зеленский Жоғары бас қолбасшы міндетін мойнына жүктеді.

Украина президенті соңғы мәліметтер бойынша, елдің 137 азаматы көз жұмғанын хабарлады. Олардың оны - офицер. 316 адам жарақат алды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Twitter парақшасында Ресей әскері Чернобыль атом электр станциясын басып алуға тырысып жатқанын айтқан болатын.

Ал Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинада жүргізіліп жатқан әскери операция туралы айтып, мұны "мәжбүрлі шара" деп атады.

Cондай-ақ, Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Киевке зымыран шабуылы "болуы мүмкін екенін" жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957894-vladimir-zelenskii-zappai-mobilizaciya-turaly-qauly-qabyldady/

pixel