Тоқаев қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде қадрлық өзгеріс жасады

Опубликовано:

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде бірқатар тағайындау жасады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Олег Александрович Смоляков қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Оның орнына Нұрлан Алмасұлы Әбдірахманов тағайындалды.

Бүған дейін Әбдірахманов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Сонымен қатар, Олжас Төлегенұлы Қизатов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957905-toqaev-qarzy-narygyn-retteu-zane-damytu-agenttiginde-qadrlyq-ozgeris-zasady/