Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Украина қалаларында жарылыстар жалғасып, Киев облысында шайқас жүріп жатыр

Опубликовано:

Украинада жарылыс орын алды
Илюстрациялық сурет: https://pixabay.com

Украинаның солтүстік-батысындағы Ровно қаласында екі қуатты жарылыс болды, деп хабарлайды "Униан" "Сегодня" басылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Ресей танктері Украина астанасына қарай жылжуда. Киев облысында орналасқан Иванков қалалық типтегі ауылдың маңында шайқас басталғаны айтылады.

"Украиналық қорғаушылар басқыншылардың қозғалысын тоқтату үшін көпірді бұзды", - делінген Украина қарулы күштерінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта Киевте жарылыстар даусы естілуде.

Бұған дейін Киев тұрғындары бірнеше секундтық айырмашылықпен алты жарылыс болғаны туралы хабарлаған болатын.

Ресми тұлғалар бұл қанатты немесе баллистикалық зымырандардың соққысы деген болжам жасауда.

Снарядтардың бірінің құлауы кезінде көпқабатты тұрғын үй өртке оранды. Төртінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейін өртеніп, оқиға орнына құтқарушылар шықты.

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді. 150 адам эвакуацияланды. 20-сы құтқарылды. Тағы сегіз адам жарақат алды.

"Сағат 05:37-де Кошица 7А көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйдегі өрт 100 шаршы метр алаңда жойылды", - деп хабарлады Украинаның ТЖ жөніндегі мемлекеттік қызметі.

Еске салсақ, Украина Президенті Кеңсесінің кеңесшісі украиндықтарға жаңа соққылар туралы ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957912-baq-ukraina-qalalarynda-zarylystar-zalgasyp-kiev-oblysynda-saiqas-zurip-zatyr/

pixel