Жапония мен Жаңа Зеландия кей ресейліктерге виза беруді тоқтатты
Опубликовано:

Жапон билігі Ресейге қарсы санкциялар жариялады, оның аясында кейбір ресейлік азаматтарға виза беруді тоқтатты.
Бұл шара нақты қандай Ресей азаматтарына әсер ететіні хабарланбаған.
Украинадағы қақтығыстардың басталуына байланысты Жапония премьер-министрі Фумио Кишида ресейлік қаржы институттарының да активтерін бұғатталатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ олар Ресейге жартылай өткізгіштер мен басқа да тауарларды экспорттауға шектеу қояды.
Жапония өз әрекеттерін G7 елдері көшбасшыларымен және басқа да серіктестерімен келісе отырып жасауда, деп хабарлайды РБК.
Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардерн ресейлік ресми тұлғалар мен Украинадағы жағдайға қатысы бар басқа тұлғаларға виза беруді тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды RNZ.
"Біз қажет болған жағдайда сондай-ақ, әскери іс-қимылдар саны өскен сайын елге кіруге тыйым салуды ұзарта аламыз" - деді ол.
Сонымен қатар, Ресейдің әскери және құқық қорғау органдарымен байланысы бар тұлғаларға тауарларды экспорттауға тыйым салынады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957929-zaponiya-men-zana-zelandiya-kei-reseilikterge-viza-berudi-toqtatty/