Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі қызметіне Марат Ахметжанов келді

Опубликовано:

Марат Ахметжанов11
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылып, Ішкі істер министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда.

"Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылсын", - делінген Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған құжатта.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ішкі істер министрі қызметін Ерлан Тұрғымбаев атқарған болатын.

Мемлекет басшысы оны аталған лауазымнан босату туралы жарлыққа қол қойды.

Сонымен қатар, Қазақстан прездентінің өкімімен Ғизат Нұрдәулетовтің бас прокурор лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалғаны туралы хабарлаған едік.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Әсет Исекешевті Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі етіп тағайындады. Ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957957-iski-ister-ministri-qyzmetine-marat-axmetzanov-keldi/

pixel