Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Мишустинді қабылдады
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске қатысу үшін Қазақстанға келген Ресей федерациясының премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Кездесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар Қазақстан президенті мен Ресей премьер-министрі Украинадағы жағдайдың ушығуына және Ресейге халықаралық санкциялардың енгізілуіне байланысты екі мемлекет арасындағы тауар айналымының төмендеуіне жол бермеу жөніндегі бірлескен шараларды қарастырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957960-qasym-zomart-toqaev-resei-premer-ministri-misustindi-qabyldady/