Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Бектенов басқаратын болды
Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына Олжас Бектенов тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалсын", - делінген құжат мәтінінде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының өкімімен Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылып, Ішкі істер министрі болып тағайындалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957969-olzas-bektenov-lauazymdy-qyzmetke-tagaiyndaldy/