Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 3 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды

Опубликовано:

Ұстау
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Іле ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын ұстады.

Ол коммерциялық нысанның бастапқы мақсатын өзгерту мақсатында үйді пайдалануға беру актісіне қол қойғаны үшін ЖШС директорынан 3 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктелуде.

"9 ақпанда Іле аудандық соты күдіктіге кепіл беру құқығымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда. Сонымен қатар, өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1957985-almaty-oblysynda-3-mln-tenge-koleminde-para-aldy-degen-kudikpen-seneunik-ustaldy/