Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОСК мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы қаулы жариялады

Опубликовано:

Мәжіліске сайланған әйел депутаттар
Фото: ҚР Сенаты баспасөз қызметі

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы қаулы жариялады. Бұл туралы ОСК ресми сайтында хабарлады.

"Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін", - делінген ОСК қаулысында.

Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан парламентінің мәжілісіне енгізіледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дариға Назарбаева мәжіліс депутаты ретінде өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген еді.

"Мен бүгін парламент мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатып, қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық іске толығымен көңіл бөлу туралы шешім қабылдадым. Nur Otan партиясы үшін дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына маған көрсетілген сенім үшін алғысымды білдіремін...

Мен өз еліме және елімнің мүддесі үшін қызмет етемін. Бұл үшін лауазымдар қажет емес" – делінген еді Дариға Назарбаеваның үндеуінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958004-dariga-nazarbaevanyn-okilettigi-toqtatyldy/

pixel