Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болады

Опубликовано:

Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек. Фото: instagram.com/sayasatnurbek

"Nur Otan" партиясының Саяси кеңес бюросының қаулысымен мәжіліс депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке беру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында хабарлады.

"Құрметті достар! Бүгін "Nur Otan" партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысымен 28 ақпанда саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII съезінің күн тәртібі бекітіледі.

Сондай-ақ, Саяси кеңес бюросының қаулысымен "Nur Otan" партиясынан парламент мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды", - деп жазды Оралов.

Оның сөзінше, тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы Дариға Назарбаеваның мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы қаулы жариялаған болатын.

"Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін", - делінген ОСК қаулысында.

Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан парламентінің мәжілісіне енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958024-sayasat-nurbek-mazilis-deputaty-bolady/

pixel