Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ресей мен Украина келіссөздерін қолдады

Опубликовано:

Путин мен Си Цзиньпин
Фото: Kenzaburo Fukuhara/Pool/Getty Images

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Си Цзиньпин атап өткендей, Украина төңірегіндегі жағдайда "қырғи қабақ соғыс менталитетінен" бас тарту керек, сондай-ақ қауіпсіздік мүдделерін құрметтеу қажет. Оның сөздерін ТАСС Қытайдың Орталық телеарнасына сілтеме жасап келтіреді.

"Қырғи қабақ соғыс менталитетінен бас тартып, қауіпсіздік саласында елдердің заңды алаңдаушылықтарын назарға алып, құрметтеу, келіссөздер арқылы еуропалық қауіпсіздіктің теңгерімді, тиімді және орнықты тетігін қамтамасыз ету керек", - деді Си Цзиньпин.

Ол Қытай үкіметі Ресей мен Украина арасындағы келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешуді жақтайтынын атап өтті.

"Қытай тарапы Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді қолдайды", – деді ҚХР төрағасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге келіссөздер жүргізуді ұсынған болатын.

"Мен Ресей Федерациясының президентіне тағы бір рет жүгінгім келеді. Украинаның барлық аумағында ұрыс жүріп жатыр. Адамдардың өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958040-qxr-toragasy-si-czinpin-resei-men-ukraina-kelissozderin-qoldady/

pixel