Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Telegram каналында.

"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі "М.Д."-ға қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Кентау қаласының әкімі 2022 жылғы 23 ақпанда өзінің сенімді тұлғалары арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аталған қалада автокөлік жолдарын жөндеумен айналысатын серіктестік директорынан 98 500 АҚШ доллары (42 млн 500 мың теңгеге баламалы) көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

Агенттік қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынғанын, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958053-kentau-qalasynyn-akimi-asa-iri-kolemde-para-aldy-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel