Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз қаруды тастамаймыз": Зеленский жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды

Опубликовано:

Зеленский жаңа видеосы
Видеодан алынған кадр: t.me/V_Zelenskiy_official

Владимир Зеленский Киевтегі үкімет кварталындағы ғимараттардың жанында түсірілген жаңа бейнежазбасын жариялады. Онда ол Украинаның өз атынан берілгені туралы жалған мәлімдемелерге сенбеуге шақырды.

Зеленский өз жолдауында Ресейдің Украинадағы әскери операциясының үшінші күнінде әлеуметтік желілерде елдің президент атынан тапсырылғаны туралы жалған ақпарат пайда бола бастағанын айтты.

Оның айтуынша, бұл ақпаратқа сенуге болмайды. Украина басшысының сөздерінің аудармасын РБК Украина келтіреді.

"Қазір желіде "президент біздің армияны қаруды тастауға шақырды" деген сынды көптеген жалған ақпарат пайда болған. Демек былай: мен осындамын, ешқандай қаруды біз тастамаймыз, өз мемлекетімізді қорғайтын боламыз. Өйткені біздің қаруымыз - біздің шындығымыз. Біздің шындығымыз - еліміз, жеріміз, балаларымыз. Осыларды біз қорғайтын боламыз", – деп мәлімдеді Зеленский.

Басылымның хабарлауынша, бүгіннен бастап Telegram-арналарында Украинадағы қару-жарақ тасталғаны туралы қауесеттер пайда бола бастады.

Аталған ақпараттың дереккөзі - Зеленскиймен аттас жалған аккаунт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958111-biz-qarudy-tastamaimyz-zelenskii-zalgan-aqparattarga-senbeuge-saqyrdy/

pixel