Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті

Опубликовано:

Макрон
Фото: Ақорда

Француз тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланған. 

Одан бөлек, екі елдің басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келіскен. 

Айта кетейік, 26 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958250-toqaev-franciya-prezidenti-emmanuel-makronmen-telefon-arqyly-soilesti/