Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина Гаага халықаралық сотына Ресейге қарсы шағым түсірді

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: Pixabay.com

Украина БҰҰ-ның Гаагадағы халықаралық сотына Ресейге қарсы шағым түсірді, деп мәлімдеді Зеленский өзінің Twitter-дегі парақшасында.

"Украина ресми түрде Ресей Федерациясына қарсы БҰҰ-ның Гаагадағы Халықаралық сотқа шағым түсірді. Агрессияны ақтау үшін геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапкершілікке тартуды талап етеміз. Соттан Ресей Федерациясынан тез арада әскери іс-қимылдарды тоқтатуға бұйрық беріп, келесі аптада-ақ тыңдалымдарды белгілеуді сұраймыз", - деп жазды Украина президенті.

Айта кету керек, соңғы деректерге сәйкес, Украина Беларусьтің Гомель облысында Ресеймен келіссөз жүргізуге келісті. Бұл туралы Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958251-ukraina-gaaga-xalyqaralyq-sotyna-reseige-qarsy-sagym-tusirdi/

pixel