Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ отандастарымызды Украинадан эвакуциялау жұмысы қалай жүріп жатқанын айтты

Опубликовано:

Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі өзінің Telegram-дағы ресми парақшасында Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуциялау жұмысы қалай жүріп жатқанын баяндады.

Ведомствоның мәліметінше, Сыртқы істер министрлігі және еліміздің Украина, Польша, Молдова, Беларусь пен Ресейдегі дипломатиялық мекемелері қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтаруды ұйымдастыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Украина мен Польшаның мемлекеттік органдарымен жасалған уағдаластықтар аясында Қазақстанның 80 азаматы үшін визасыз және ПТР тестсіз шекарадан өту қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, олар эвакуациялық рейсті күту үшін Польшаның Катовице қаласына орналастырылған.

СІМ одан бөлек, тағы 260 отандасымыз қазақстандық дипломаттармен бірге Украина-Польша шекарасында тұрғанын және шекарадан өту үшін өз кезегін күтуде екенін атап өтті.

Ведомство Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері Украина және Польша тараптарының шекарасында туындаған мәселелерді шешу үшін жұмыс істеп жатқанын да жеткізді.

Сондай-ақ, министрлік отандастарымызды Польшаға одан әрі Қазақстанға тезірек жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын да айта кетті.

Сонымен бірге, ведомство Украинадағы Қазақстан азаматтарының өтініштері үшін Қазақстанның Киевтегі елшілігінде және еліміздің Сыртқы істер министрлігінде "жедел желі" іске қосылғанын, бұл жұмысқа Днепр, Львов, Одесса мен Харьков қалаларындағы Қазақстанның құрметті консулдары жұмылдырылғанын еске салды.

"Киевтегі Қазақстан елшілігі күшейтілген режимде өз жұмысын жалғастыруда және бүгінде дипломаттардың көмегімен Қазақстанға оралғысы келетін тұлғалардан 631 өтінім тіркеді. Алғашқы репатриациялық рейс 27 ақпанда Қазақстан азаматтарының негізгі бөлігі Катовице қаласына келгеннен кейін жүзеге асырылады деп күтілуде.

Алдағы уақытта басқа да репатриациялық рейстер ұйымдастыру жоспарланған. Осыған байланысты Украинаның әртүрлі қалаларындағы қазақстандықтардан Қазақстан Республикасының Киевтегі елшілігіне хабарласуды және өзінің орналасқан жері туралы хабарлауды сұраймыз. Мүмкіндік болған жағдайда, Польша шекарасына дейін ұйымдасқан түрде жету үшін Львов немесе Киев қалаларына өз күшімен баруды ұсынамыз.

Жол-көлік жағдайының күрделі болуына және Украинадағы әскери әрекеттердің жалғасуына байланысты бұл қиындық тудыру мүмкін. Мұндай жағдайда өздеріңіз орналасқан мекендеріңізде қалуды, Қазақстан елшілігімен және құрметті консулдықтарымен үнемі байланыста болуды сұраймыз. Жағдай анықталғаннан кейін азаматтарымызға барлық қажетті көмек көрсетіледі", - дейді еліміздің Сыртқы істер министрлігі.

Ведомство "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, Украина аумағында қалған жүк көліктерінің жүргізушілері - Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жинау бойынша қажетті жұмыс жүргізіп жатқанын да атап өтті.

Қазір олардың тұрған жеріндегі жағдайды ескере отырып, шығу жолдары пысықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958256-tagy-260-qazaqstandyq-sekarada-tur-sim-otandastarymyzdy-ukrainadan-evakuciyalau-zumysy-qalai-zurip-zatqanyn-aitty/

pixel