Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

SWIFT жүйесінен ажырату, "қара тізімді" кеңейту: ЕО Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуға келісті

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay.com

Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері Украинадағы әскери арнайы операция үшін Ресей Федерациясына қарсы жаңа санкциялар салуға келісті, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басылымның мәліметінше, келіссөздер нәтижесі туралы Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель хабарлаған.

Сонымен, Еуроодақ бірнеше ресейлік банкті SWIFT жүйесінен ажырату туралы шешім қабылдаған. Нақты қай банктер екені әзірге белгісіз.

Жаңа санкциялар пакеті аясында Еуроодақ аумағында Ресейдің Russia Today және Sputnik бұқаралық ақпарат құралдарының хабар таратуына да тыйым салынбақ.

Боррельдің сөзінше, ЕО санкциялары Ресейдің қаржы резервінің жартысын бұғаттайды. Сондай-ақ, ол Еуроодақ Ресейді SWIFT желісінен толықтай ажырата алмайтынын мәлімдеді. Өйткені, Ресейдің экономикасы басқа елдердің экономикасымен байланысты.

Одан бөлек, Еуроодақ елдерінің сыртқы істер министрлері санкциялық тізімді кеңейтуге келіскен. Тізімге ресейлік олигархтар мен негізгі саяси және әскери тұлғалар кірмек.

"Олардың қатарында тізімге енуі айтарлықтай экономикалық қиындықтар тудыратын ресейлік олигархтар мен бизнесмендер, сондай-ақ, Ресейде Путин жүйесінде негізгі рөл атқаратын саяси тұлғалар бар", - деп келтіреді басылым Боррельдің сөзін.

Бұл шешімдердің барлығы ЕО ресми журналында жариялануы тиіс, содан кейін санкциялар күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958301-swift-zuiesinen-azyratu-qara-tizimdi-keneitu-eo-reseige-qarsy-zana-sankciyalar-saldy/

pixel