Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кейбір БАҚ Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер қашан өтетінін хабарлады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер бүгін, 28 ақпанда Беларусь шекарасында өтуі мүмкін.

Украинская Правданың жазуынша, Беларусь тарабы да келіссөздерге қатысады, алайда тек бақылаушы ретінде.

Беларусь саясаткері Юрий Воскресенскийдің сөзінше, Киев өкілдерінің құрамына бірнеше адам кірген. Олардың қатарында Украина Сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий, "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия, сондай-ақ, саяси және әскери сала қызметкерлері бар, деп жазады РИА Новости.

"Келіссөздер дүйсенбі, 28 ақпанда таңертең өтеді, себебі, өз өмірлері үшін алаңдаған украиналық делегация Гомель арқылы түзу жолмен емес, "Варшава көпірі" (Брест) өткізу бекетімен Польша арқылы келеді", - дейді белоруссиялық саясаттанушы Юрий Воскресенский.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік делегация Украина тарабымен келіссөз жүргізу үшін Беларуське келгенін мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958309-keibir-baq-resei-men-ukraina-arasyndagy-kelissozder-qasan-otetinin-xabarlady/

pixel