Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Украина делегациясы келіссөздер жасауға Беларусь шекарасына келді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Беларусь республикасының Гомель қаласында бүгін, 28 ақпанда Ресей мен Украина делегациялары арасында келіссөздер өтеді, деп хабарлайды РБК.

Украина делегациясы келіссөздер жасауға келді, деп хабарлайды УНИАН Telegram-арнасы.

Делегация құрамына "Слуга Народа" фракциясының төрағасы Давид Арахамия, Украинаның Қорғаныс министрі Алексей Резников, Президент Кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк, үшжақты байланыс тобындағы Украина делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андрей Костин, халық депутаты Рүстем Умеров және Украинаның Сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий кірген.

Келіссөздердің басты мәселесі - тез арада атысты тоқтату және Украина аумағынан әскерилерді шығару.

Келіссөздер Беларусь шекарасында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми Facebook парақшасы Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер өтетін залды фотосын жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958415-baq-ukraina-delegaciyasy-kelissozder-zasauga-belarus-sekarasyna-keldi/

pixel