Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Қазақстан Ресей мен Украина келіссөздер жүргізетін алаң ұсынуға дайын

Опубликовано:

көк ту11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан Ресей мен Украина келіссөздеріне алаң ұсынуға дайын. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Женевада өтіп жатқан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министр Украинаның айналасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады РИА Новости.

"Әрине, адам шығыны (үлкен алаңдаушылық тудырады - ред.). Орыс және украин халықтары біз үшін бауырлас халықтар екені түсінікті, сондықтан біз, әрине, алаңдаймыз.

Өз тарапымыздан делдалдық қызметтерді пайдалану үшін жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Егер екі тарап та қажет деп тапса, біз келіссөздер алаңын ұсынамыз", - деді Қазақстан СІМ басшысы.

Айта кетейік, Ресей мен Украина делегацияларының келіссөздері бүгін басталды. Делегациялардың кездесуі Украина шекарасының маңындағы Припять өзенінің жағалауында өтіп жатыр. Қос тарап талқылайтын негізгі мәселе - әскери операцияны дереу тоқтату және Украина аумағынан әскерлерді шығару.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958461-sim-qazaqstan-resei-men-ukrainanyn-kelissozder-zurgizuine-alan-usynuga-daiyn/

pixel