Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі басталды

Опубликовано:

Нұр Отан11
Көрнекі фото: Nur Otan сайты

Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Съезге еліміздің әрбір өңірінен келген 399 делегат қатысып жатыр. Іс-шара онлайн форматта өтуде.

Бүгінгі күн тәртібінде екі мәселе қаралады:

  1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу;
  2. Nur Otan партиясының модернизациясы.

Еске сала кетсек, партияның бұған дейінгі съезі 28 қаңтарда өткен еді. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан партия төрағасы болып сайланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958573-nur-otan-partiyasynyn-kezekten-tys-xxii-sezi-bastaldy/

pixel