Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Nur Otan партиясының "Аманат" деп аталуын ресми түрде қолдаймын

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезінде Nur Otan партиясының атауын "Аманат" деп өзгерту туралы ұсынысты қолдайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі

Партия атауын өзгерту туралы ұсынысты мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жасаған болатын.

"Тұңғыш президент құрған Nur Otan партиясы мемлекеттің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Ол Қазақстанды нығайту бойынша міндеттерді жүзеге асыруда қоғамды жұмылдыра білді. Болашақ туралы сөз қозғағанда, оның бұған дейінгі қол жеткізген жетістіктерін ұмытпауымыз керек.

Уақыт бір орында тұрмайды. Шешілуге тиіс жаңа мақсаттар пайда болады. Біз саяси және экономикалық алаңдағы жаңа үдерістерге жауап беруіміз қажет. Әйтпесе, оның салдары тоқырауға әкелуі мүмкін.

Біз "Аманат" деген атауға тоқтадық. "Аманат" қазақ тілінен аударғанда бабалар өсиеті, ұрпаққа аманат деген мағынаны білдіреді. Сондықтан партияның "Аманат" деп аталуын ресми түрде қолдаймын. Мен бүгін партияны өзгерту туралы айтылған ұсыныстарды қолдаймын", - дейді президент.

Еске сала кетсек, бұған дейін Nur Otan партиясының кезектен тыс XXII съезі кезінде партияның саяси кеңесінің құрамы өзгерген еді.

Саяси кеңес құрамынан бұрынғы мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулин мен "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов шығарылды.

Сонымен қатар, премьер-министр Әлихан Смайылов пен Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу саяси кеңес құрамына енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958584-toqaev-partiyanyn-amanat-dep-ataluyn-resmi-turde-qoldaimyn/