Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Минск келісімдері қағаз жүзінде ғана қалды": Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Елордада өткен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинада орын алған жағдайға қатысты пікір білдіріп, екі елдің өзара келісімге келуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біздің ұстаным еліміздің егемендігі мен аумақтық құндылығының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету қажеттілігіне қарай қалыптасуы керек.

2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізген ел ретінде біз еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанамыз. Қауіпсіздіктің бөлінбеушілігі және бірлестігі қағидасы өзара сенімге негізделген түсіністікті талап етеді.

Өкінішке қарай, бұл (түсіністік - ред. ескертпесі) болған жоқ. Минск келісімдері қағаз жүзінде қалды, бұл өз алдына Украина аумағындағы әскери іс-қимылдарға әкелді.

Геосаяси жағдай бұрын-соңды болмаған деңгейде ушығып кетті.

Сондықтан екі мемлекетті келіссөз үстелінде ортақ тіл табуға, уағдаластық пен келісімге келуге шақырамыз. Басқа амал жоқ. Жанжалдан гөрі нашар болса да, татулық артық. Бейбітшілік болмаса, даму да болмайды. Қазақстан өз тарапынан барлық көмек түрлерін, соның ішінде делдалдық қызмет көрсетуге дайын. Егер, әрине, олар қажет болса", - дейді президент.

Айта кетейік, бұған дейін Украинадағы жағдай бойынша келіссөз Беларусьте өтті. Кейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздер қалай өткенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958597-minsk-kelisimderi-qagaz-zuzinde-gana-qaldy-toqaev-ukrainadagy-zagdaiga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel