Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамзан Қадыров Украинада Шешенстанның қанша әскери қызметкері қаза тапқанын хабарлады

Опубликовано:

Рамзан Қадыров1
Фото: Yelena Afonina\TASS via Getty Images

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің ресми Telegram каналында Украинадағы арнайы операция кезінде зардап шеккендер туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Өкінішке қарай, Шешенстан Республикасының тұрғындары арасында қазірдің өзінде адам шығыны бар. Екеуі қайтыс болды (Дала кечдойла царна), тағы алтауы әртүрлі дәрежеде жарақат алды", - деп жазды Қадыров.

Оның сөзінше, қайтыс болғандар екі елдің қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткен.

"Иә, соғыста өлтіреді және бұл олардың таңдаған мамандығы еді. Ал бұл жігіттер екі елдің қауіпсіздігі үшін жанын қиған қаһарман болуды таңдады", - дейді Шешенстан басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина мен Ресей арасында алғашқы келіссөздер жүргізілген болатын.

Дегенмен, Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеумен келіссөздер жүргізу барысында Киев әзірге қажетті нәтижеге қол жеткізбегенін мәлімдеді. Украина билігі делегация елген келген соң, келіссөздер процесіне талдау жасамақ. Зеленскийдің сөзінше, осыдан кейін келіссөздердің екінші кезеңіне өту мәселесі шешіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958653-ramzan-qadyrov-ukrainada-sesenstannyn-qansa-askeri-qyzmetkeri-qaza-tapqanyn-xabarlady/

pixel