Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұтас бір триллер": Лукашенко Ресей мен Украина келіссөзі қалай ұйымдастырылғанын айтты

Опубликовано:

Александр Лукашенко
Александр Лукашенко. Фото: Mikhail Svetlov/Contributor/Getty Images

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздердің бірінші раундының қорытындысы туралы пікір білдірді.

Sputnik Беларусь агенттігінің хабарлауынша, Лукашенко бір күн бұрын өткен келіссөздерге "байыпты оптимистік көзқараспен қарау керек" деп мәлімдеген.

Ол сондай-ақ екі тараптың диалогты Польша-Беларусь шекарасында жалғастыру туралы келісімге келгенін растады.

"Бұл келіссөздерді қалай ұйымдастырғанымыз туралы айтар болсақ, ол тұтас бір триллер іспеттес болды", - деді Беларусь басшысы.

Лукашенко сондай-ақ келіссөздерге қатысушыларды "олар жарады, сөз жоқ ерледі" деп сипаттап, 5 сағатқа созылған келіссөзде "олар ойдағыдан да көп нәрсе жасағанын" айтты.

"Мен Зеленскиймен және Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында қауіпсіздікке кепілдік бергеніме, екі тарапқа қажеттінің бәрін қамтамасыз ете отырып, Беларусь аумағында бұл келіссөздерді ұйымдастыра алғаныма қуаныштымын. Нәтижесін күтудеміз", - деді Беларусь президенті.

Еске сала кетсек, Украина мен Ресей арасындағы атысты тоқтату шарттарын талқылау мақсатында өткен келіссөз 28 ақпанда Беларусь аумағында өтті.

Сондай-ақ. Лукашенко бұған дейін көршілес екі ел арасындағы қақтығыс туралы да пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958680-tutas-bir-triller-lukasenko-resei-men-ukraina-arasyndagy-kelissoz-qalai-uiymdastyrylganyn-aitty/

pixel