"Ресей - террорлық мемлекет": Зеленский Харьков орталығындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: instagram.com/zelenskiy_official

Украина президенті Владимир Зеленский жақында Харьковтағы Бостандық алаңында, әкімшілік ғимарат жанында болған жарылысқа қатысты пікір білдірді.

Оқиға салдарынан 20-ға жуық адам зардап шекті, бірнеше ғимараттың көзі жойылды, деп хабарлайды УНИАН.

"Харьков. Қанатты зымыранның Еуропадағы ең үлкен алаңына соққысы. Бостандық алаңы. Ондаған құрбан. Міне, азаттықтың құны. Украина халқының таңы осылай атты",- деді Зеленский.

Украина президенті шабуыл ресейлік Белгород қаласынан жасалғанын мәлімдеді.

"Қай жағынан алсақ та, украиналық Харьков пен ресейлік Белгород жақын қала болған еді. Тіпті, олардың шекарасы тек картада сызылған. Енді бәрі өзгерді",- деді президент.

Зеленскийдің пікірінше, бұл тек әскери шабуыл емес, нағыз теракт.

"Бұл қалаға, Харьковқа, Украинаға қарсы жасалған лаңкестік шабуыл. Алаңда әскери мақсат болған жоқ. Орталық алаңға зымыранмен шабуыл жасау - нағыз лаңкестік. Ешкім кешірмейді, ешкім ұмытпайды. Харьковқа жасалған соққы Ресей Федерациясының мемлекеттік лаңкестігі, әскери қылмысы болып есептеледі. Осыдан кейін Ресей - нағыз террорлық мемлекет. Бұл анық, ресми болуы керек",- деп келтіреді Зеленскийдің сөзін басылым.

Украина президенті халықаралық қауымдастықты болған жағдайға дереу және тиімді жауап беруге, сондай-ақ Ресейдің әрекеттерін мемлекеттік терроризм деп тануға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін Харьков орталығындағы Бостандық алаңының жанында орнатылған камералар жойқын жарылыс сәтін тіркеген еді. Снаряд облыстық әкімшілік ғимаратының жанында құлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958694-resei-terrorlyq-memleket-zelenskii-xarkov-ortalygyndagy-zarylysqa-qatysty-pikir-bildirdi/