Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин Ресейден 10 мың доллардан астам ақшаны әкетуге тыйым салды

Опубликовано:

Владимир Путин
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин "Ресей Федерациясының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша экономикалық шаралар туралы жарлыққа" қол қойды. Құжатты Кремльдің ресми сайты жариялады.

Жарлыққа сәйкес, қабылданған шаралар "Америка Құрама Штаттары мен оған қосылған шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың халықаралық құқыққа қайшы әрекеттерінен" туындап отыр.

Сондай-ақ, құжатта жаңа енгізулер Ресей Федерациясының "ұлттық мүдделерін қорғауға" бағытталғаны айтылады.

"2022 жылдың 2 наурызынан бастап Ресей Федерациясынан 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын және Орталық банкінің әкету күніне белгіленген ресми бағам бойынша есептелген қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салу туралы қаулы етемін",- делінген жарлықта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958749-putin-reseiden-10-myn-dollardan-astam-aqsany-aketuge-tyiym-saldy/

pixel