Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден Путинді қолдайтын ресейлік олигархтардың ізіне түспек

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Win McNamee/Getty Images

Бүгін, 2 наурызда Америка Құрама штаттарының президенті АҚШ Конгресінде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды CNN.

Америкалық көшбасшы "Владимир Путин бүгінде әлемнен оқшауланып қалғанын" айтты. Оның бұл мәлімдемесін залда отырғандар қошеметпен қарсы алды.

"Біз Ресейдің өтірігін шындықпен беттестірдік. Қазір оның әрекетін еркін әлем жауапкершілікке тартуда", - деп мәлімдеді ол.

Байденнің айтуынша, америкалық әділет министрлігі Путинді қолдайтын ресейлік олигархтардың ізіне түспек.

"Бүгін кешке мен ресейлік олигархтар мен сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар, осы қатаң жүйенің арқасында миллиардтаған долларды қалтасына басқан көшбасшылармен сөйлесемін", - деді АҚШ президенті.

Сонымен бірге, ол АҚШ еуропалық одақтастары секілді әрекет ететінін де баса айтты.

"Біз олардың яхталарын, зәулім апартаменттері мен жеке ұшақтарын тауып, басып алу үшін еуропалық одақтастарға қосыламыз. Біз сендердің арам ақшаларыңды алу үшін бара жатырмыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958784-baiden-putindi-qoldaityn-reseilik-oligarxtardyn-izine-tuspek/

pixel