Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден Украинадағы әскери операцияларға АҚШ қатыспайтынын мәлімдеді

Опубликовано:

Байден Ақш Украиндағы әскери шараға қатыспайтынын мәлімдеді
Илюстрациялық сурет: https://pixabay.com

Конгресс алдында сөйлеген сөзінде Джо Байден АҚШ әскерлері Украинадағы Ресей күштерімен қақтығысқа қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Джо Байден Украинаның жағдайы мен НАТО серіктестерінің қауіпсіздігі туралы айтты, деп жазады CNN.

"Түсіндіріп берейін: біздің күштеріміз Украинадағы Ресей әскерлерімен қақтығысқа қатыспады және қатыспайды", - деп атап өтті Ақ үй басшысы.

Оның айтуынша, америкалық әскерлер Еуропаға жіберілді. Байден бұның Ресей әскерлері батысқа қарай жылжуды жалғастырса НАТО одақтастарын қорғау үшін қажет шара екенін түсіндірді.

"Осы мақсатта, біз НАТО елдерін қорғау үшін америкалық құрлық күштерін, авиациялық эскадрильяларды, кемелерді жұмылдырдық", - деді Джо Байден.

Конгресстегі сөзінде Байден Американың Әділет министрлігі Путинді қолдайтын ресейлік олигархтарды қудалайтынын айтты.

Содан кейін Джо Байден ресейлік ұшақтарға АҚШ әуе кеңістігін кесіп өтуге тыйым салатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958791-baiden-ukraindagy-askeri-operaciyalarga-aqs-qatyspaitynyn-malimdedi/

pixel