Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатуды қолдады

Опубликовано:

Мәжіліске сайланған әйел депутаттар
Фото: ҚР Сенаты баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаттары палатаның пленарлық отырысы барысында Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

"Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, парламент мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр", - деді Смағұлов.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, отырысқа 101 депутат қатысты. Олардың 99-ы ұсынымға қолдау білдірсе, біреуі қалыс қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1958801-dariga-nazarbaevanyn-deputattyq-okilettigi-toqtatyldy/

pixel